Қарағанды ​​облысындағы құрылыс алаңында бір жұмысшы қаза тапты

0
837


Қарағанды ​​облысындағы құрылыс алаңында бір жұмысшы қаза тапты

ERNUR.KZ. Салынып жатқан «Qaragandy Power Silicon» зауытында қайғылы оқиға орын алды. Жұмысшы биіктен құлап, алған жарақатынан көз жұмды, деп жазады Ulysmedia.kz.


Бұл туралы Қарағанды облысының еңбек инспекциясы басқармасынан да хабарланды. Қайғылы оқиға қазанның 3-і күні монтаждау және дәнекерлеу жұмыстары кезінде орын алғаны белгілі болды.

«Біз бұл оқиғаны тексеру үшін комиссия құрамыз», - делінген хабарламада.

Қарағанды облысының полиция департаменті бұл оқиға бойынша Қылмыстық кодекстің 156-бабының 3-бөлігі «Абайсызда адам өліміне әкеп соққан еңбек қауіпсіздігі ережелерін бұзу» бойынша сотқа дейінгі тергеу басталғанын түсіндірді.

Бірқатар қажетті сараптамалар тағайындалды. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.