Қарағанды облысының аумағында әскери ұшақ құлады

0
931

Министрлік өкілдері экипаж мүшелерінің аман екенін атап өтті.


Қарағанды облысының аумағында әскери ұшақ құлады

ERNUR.KZ. Қорғаныс министрлігінің Су-30 ұшағы Қарағанды облысында құлады, деп жазады Sputnik Қазақстан.

"Балқаш қаласындағы авиациялық оқу орталығында өтіп жатқан оқу-жаттығу кезінде СУ-30СМ көпфункционалды истребителі қону алаңына жақындап қалған сәтте апатқа ұшырады. Өзге жағдайлар анықталған соң, тиісті хабарлама жасайтын боламыз", – деп түсіндірді қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі.

Министрлік өкілдері экипаж мүшелерінің аман екенін атап өтті.

Айта кетейік, Су-30 ұшағы екі орынды көпмақсатты төртінші буынды әскери ұшақ санатына жатады.


Алматы маңында бір ай бұрын құлаған ұшақ

Сенбі, 13 наурызда Алматы әуежайының маңындағы Қызыл Ту ауылының іргесіне әскери ұшақ апатты жағдайда қонуға мәжбүр болған. Алайда, Ан-26 ұшағы қону алаңына жақындағанда отқа оранып, құлады. Салдарынан төрт адам қаза тауып, ауыр жарақат алған екі әскери қызметкер төртінші қалалық ауруханаға жеткізілді. Дәрігерлер олардың жағдайын өте ауыр деп бағалап отыр.

Ұлттық қауіпсіздік комитеті борттық нөмірі 02 санымен белгіленген ұшақ ведомствоның авиациялық қызметіне тиесілі екенін растады.

Ал бұған дейін осыған ұқсас жағдай 2012 жылы Шымкент маңында болған. Ол кезде Ан-72 апатынан 27 адам көз жұмды.