Қарағанды ​​тұрғыны телефонына екі қосымша орнатып, 11 миллион теңгеден айырылды

0
569

Дерекке қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 190-бабы "Алаяқтық" бойынша қылмыстық іс қозғалған.


Қарағанды ​​тұрғыны телефонына екі қосымша орнатып, 11 миллион теңгеден айырылды

ERNUR.KZ. Қарағандыда тұратын ер адам полицияға арызбен жүгінген. Алаяққа алданған ер адам 11 миллион теңгесінен айырылған, деп жазады tengrinews.kz.

"Шахтада жұмыс істеймін. Қазіргі уақытта мен еңбек демалысында жүрмін. Үйде отырғанымда белгісіз біреу қоңырау шалды. Телефонды алып едім ар жағынан ер адам сөйлей бастады. Ол өзін банктің қауіпсіздік қызметкері ретінде таныстырды және менің жеке кабинетім бұзылғанын және алаяқты анықтау үшін менің көмегім қажет екенін айтты. Ол үшін ұялы телефонға екі бағдарламаны жүктеу керек. Мен оның кеңесі бойынша осы бағдарламаларды орнаттым. Содан кейін банктің қауіпсіздік қызметкері менің барлық деректерімді нақтылау қажет екенін айтты. Мен жеке куәлігімді, банк картасын суретке түсіріп, оған жібердім. Сосын ол маған алаяқты ұстап алу үшін мен несие алуым керектігін айтты. Қауіпсіздік қызметкері қазір маған банк менеджері қоңырау шалатынын ескертті. Шынында да, екі-үш минуттан кейін әйел қоңырау шалып, менің деректерімді нақтылай бастады, содан кейін ол маған несие мақұлданбағанын айтты. Банктің қауіпсіздік қызметкері тағы да қоңырау шалып, маған банк картасын ауыстыру керек дейді. Ол үшін ертең сағат 11.00-ге дейін айтылған банкке келіп, жаңа карта жасауым керектігін ескертті. Осымен әңгіме аяқталды. Біраз уақыттан кейін мен ұялы телефонымның банк қосымшасын аштым. Қарасам еңбек демалысыма байланысты алған 600 мың теңгемнің жоғалып кеткенін байқадым. Сондай-ақ, менің атымнан 5 жыл мерзімге 6 миллион теңге несие рәсімдеген. Өзім депозит ашқан басқа банктен тағы да 5 миллион теңге несие алған. Мен алданғанымды түсініп, полицияға арыз жаздым, - деді жәбірленуші.

Дерекке қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 190-бабы "Алаяқтық" бойынша қылмыстық іс қозғалған. Қазір тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.