Қарағандыда 20 жасар жігіт құрылыс алаңында қайтыс болды

0
594

Бұл нысанда қайтыс болған жігіттің ағасы мен әкесі де жұмыс істейді.


Қарағандыда 20 жасар жігіт құрылыс алаңында қайтыс болды

ERNUR.KZ. Қарағандыдағы "Сапфир" ТК құрылыс алаңында 20 жастағы тас қалаушы 9 қабаттан құлап кетіп, оқиға орнында қайтыс болды, деп жазады Stan.kz.

Қайғылы оқиға 18 қыркүйек күні кешкі сағат 18:20-да болған.

Жас жігіт "Сапфир" тұрғын үй кешенінде үй салатын құрылыс бригадасының құрамында тас қалаушы болып жұмыс істеген.

Жігіт құрылыс нысанының 9-қабатынан құлап кеткен. Ол алған жарақатынан оқиға орнында көз жұмды.

"Аталған факті бойынша ҚР ҚК 156-бабы 3-бөлігі бойынша қылмыстық іс тіркелді. Тиісті сараптама тағайындалды. Тергеу амалдары жүргізіліп жатыр", - деп хабарлады Қарағанды облысы ПД баспасөз қызметі.

Бұл нысанда қайтыс болған жігіттің ағасы мен әкесі де жұмыс істейді.