Қарағандыда балалардың жаппай улануына қатысты тергеу әлі жүріп жатыр

0
701

31 шілдеде Қарағанды облысының балаларға арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығында бір бала қайтыс болғаны хабарланды. 28 тамызда тағы бір бала қайтыс болғаны белгілі болды.


Қарағандыда балалардың жаппай улануына қатысты тергеу әлі жүріп жатыр

ERNUR.KZ. Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният Қарағанды облыстық арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығында уланған балаларға қатысты тергеу әлі аяқталмағанын айтты, деп жазады tengrinews.kz.

"Денсаулық сақтау министрлігі мен медицина қызметкерлері балалардың жағдайын бақылап жүр. Тергеу органдары балалар неден уланғанын анықтап жатыр. Менің білуімше, тергеу әлі аяқталмады. Уланған бес баланың екеуі жазылып, әлеуметтік орталыққа орналастырылды. Қалған үшеуі оңалтудан өтіп жатыр. Олар көмекті соңына дейін алуға тиіс. Осыдан кейін орталыққа жіберіледі", - деді министр ОКҚ-де өткен баспасөз мәслихатында.

Еске салайық, бұған дейін 31 шілдеде Қарағанды облысының балаларға арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығында бір бала қайтыс болғаны хабарланды. 28 тамызда тағы бір бала қайтыс болғаны белгілі болды.

Кейін бес бала жансақтау бөлімінде жатқаны айтылды. Бұл мәселеге қатысты қылмыстық іс қозғалды және Қарағанды облысының арнайы прокурорлар басқармасына берілді.