​Қарағандыда екі ер адам мен күзетшілердің арасында болған жаппай төбелестің видеосы таралды

0
1 442

Видеодан күзетшілердің екі ер адамның соңынан қуалап бара жатқанын көруге болады.


​Қарағандыда екі ер адам мен күзетшілердің арасында болған жаппай төбелестің видеосы таралды

ERNUR.KZ. Қарағандыда орталық базар маңында күзетшілер мен екі ер адам арасында төбелес шықты, деп жазады Tengrinews.kz.


Видео орталық базар маңында Бұхар жырау даңғылының бойында түсірілген. Видеодан күзетшілердің екі ер адамның соңынан қуалап бара жатқанын көруге болады.
Облыстық ІІД баспасөз қызметінің мәліметінше, төбелестің шығуына қашып бара жатқан ер адамдар себеп болған.


"23 тамызда кешкі уақытта орталық базардың маңында орналасқан дәмханалардың бірінде келушілер мен дәмхана қызметкерлері арасында дау шықты. Нәтижесінде екі ер адам 35 жастағы қызметкерді ұрып-соққан, артынша базардың күзетшілері келген. Ер адамдарды ұстау кезінде олар қарсылық көрсеткен", - деп хабарлады ведомство өкілдері.

Сондай-ақ, екі ер адамның ұсталып, қазір жауап беріп жатқаны айтылады. Бұл дерек ҚР Қылмыстық кодексінің 293-бабының 2-бөлігі бойынша тіркелді.