Қарағандыда көлік жүргізушісі ер адамды қасақана қағып, үстінен өтіп кеткен (видео)

0
448

Аталған дерек туралы ақпарат полицияға 22.00 шамасында келіп түскен. Оқиға орынына бірден жедел-тергеу тобы жіберілді.


Қарағандыда көлік жүргізушісі ер адамды қасақана қағып, үстінен өтіп кеткен (видео)

Қарағандыда көлік жүргізушісі ер адамды қасақана қағып, үстінен өтіп кеткен. Оқиға 21 тамызда болған, деп хабарлайды ERNUR.KZ polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Аталған дерек туралы ақпарат полицияға 22.00 шамасында келіп түскен. Оқиға орынына бірден жедел-тергеу тобы жіберілді.

Белгілі болғандай, көлік жүргізуші 30 жастағы азаматты қағып кеткен. Салдарынан жәбірленуші әртүрлі дене жарақаттарымен ауруханаға жатқызылды. Полиция қызметкерлері оқиға болған жерде орнатылған бейнебақылау камераларының жазбаларын зерделей келе, жәбірленушіні басу қасақана жасалған деген шешімге келді.

Бейнежазбадан көлік жүргізушінің сауда орынынан шығып көлікке отырғаны көрінеді. Кейін көлікке жәбірленуші жақындаған. Сол сәтте жүргізуші орынынан қозғалып, азаматты қағып кеткен. Осыдан кейін көлік жүргізуші жәбірленушіге алғашқы көмек көрсетудің орынына оқиға болған жерден кетіп қалған. Криминалдық полиция қызметкерлерімен жүргізілген кешінді іс-шаралар барысында жол-көлік оқиғасын жасады деген күдікпен 23 жастағы қала тұрғыны анықталып, ұсталды.

Күдікті жәбірленішіні танымайтындығын, көлікке отырғанда жәбірленуші одан темекі сұрғанын және оған жоқ деп жауап бергенін, сондай-ақ көлік жүргізушінің әйелі де жәбірленушіге ескерту жасағанын айтты. Алайда соңғысы көлік қозғалып бара жатқанда көлікке жақындап, сол кезде оны қағып, басып кеткені белгілі болды.

Аталған факті бойынша Қылмыстық кодекстің 24-99-бабына (Адам өлтіруе оқталу) сәйкес қылмыстық іс қозғалды. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Тергеу амалдары жүріп жатыр.