Айтыс іріктеу және қорытынды кезеңнен тұрады.
ERNUR.KZ. Қарағандыда Бұқар жырау Қалқаманұлының 355 жылдығына арналған "Армысың, әз Наурыз!" атты республикалық ақындар айтысы болады, деп жазады sputnik.kz.
Дүбірлі науқан 22 наурыз сағат 14:00-де Қарағанды кеншілер мәдениет сарайында өтеді. Кіру тегін.
Айтысқа Қарағанды, Қостанай, Жамбыл, Қызылорда, Батыс Қазақстан облыстарының, Ұлытау облысының және Шымкент қаласының сөзден өрім өріп, таспа тілген ақындары қатысады.
Айтыс іріктеу және қорытынды кезеңнен тұрады.