Оқыс оқиға пойыздардың жүрісіне әсер еткен жоқ. Зардап шегушілер де жоқ.
ERNUR.KZ. Қарағанды облысында көмір тиелген сегіз вагон рельстен шығып кетті, деп жазады baq.kz.
"2 қараша сағат 06.00-де Қарағанды облысының Бұқар Жырау ауданындағы Ботақара станциясының теміржол аралығының 27-шақырымында көмір тиелген сегіз вагонның, оның ішінде екі вагонның доңғалақ жұптары рельстен шығып кетті", - деді ТЖМ ресми өкілі Талғат Уәли.
Төтенше жағдай салдарынан ешкім зардап шеккен жоқ. Қалпына келтіру жұмыстарын «Кузнецкий разрезі» ЖШС жүргізіп жатыр.