Күдікті кассирге бензин құйып, олар үй-жайды өртеп жібереміз деп қорқытып, кассадағы ақшаны иемденген болатын.
ERNUR.KZ. Қарағандыда шағын несие ұйымының кассирін өртеп жіберемін деп қорқытып, қарақшылық жасаған күдіктілер ұсталды, деп жазады ҚазАқпарат.
Еске сала кетейік, оқиға 9 ақпан күні болды. Қарағандыда белгісіз екі азамат шағын несие беру ұйымдарының біріне қарақшылық шабуыл жасаған болатын. Кассирге бензин құйып, олар үй-жайды өртеп жібереміз деп қорқытып, кассадағы ақшаны иемденген болатын.
Оқиғадан кейін дереу Қарағанды облысы ПД тәжірибелі қызметкерлерінен жедел топ құрылды. Бір күннен кейін күдіктілер ұсталды.
«Жедел-іздестіру шаралары барысында криминалдық полиция қызметкерлері 19 және 28 жастағы екі күдіктіні ұстады. Олар істеген істерін мойындады. Сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде», - деді Қарағанды облысы полиция департаментінің бастығы Ерлан Файзуллин.