Қарағандыда төрт жасар бала екінші қабаттан құлап кетті

0
734

​Қарағанды қаласында бір аптаның ішінде осымен екі бала терезеден құлап жарақат алды.


Қарағандыда төрт жасар бала екінші қабаттан құлап кетті

ERNUR.KZ. Қайғылы оқиға Қарағандыдағы Құрылысшылар даңғылындағы көп қабатты үйде орын алды, деп жазады inbusiness.kz.

19 сәуірде түстен кейін ересектердің қарауынсыз қалған 2017 жылғы ұл бала 9 қабатты тұрғын үйдің 2-қабатының терезесінен құлап кетті.

Зардап шеккен бала ауруханаға жеткізілді, оған дәрігерлер көмек көрсетуде. Бір аптаның ішінде осымен екінші рет оқыс оқиға тіркелген. 16 сәуірде Гоголь көшесіндегі үйдің бесінші қабатының терезесінен үш жастағы бала құлап кеткен еді. Қазір ол бала да ауруханада ем алып жатыр. Оқыс оқиғалардың басым бөлігі балалар үйде жалғыз қалғанда орын алады.Төтенше жағдайлар қызметі ата-аналарды барынша сақ болуға шақырады.

"Кішкентай балаларды жалғыз қалдырмаңыз.Ешқашан москит торларына сенбеңіз. Олар құлаудан қорғауға арналмаған. Керісінше, москит торы қайғылы жағдайға ықпал етеді, өйткені бала өзін қауіпсіз сезінеді және терезеге де, оған да сүйенеді. Мүмкіндігінше терезелерді төменнен емес, жоғарыдан ашыңыз. Желдету кезінде баланың бақылауда екеніне көз жеткізіңіз.Балалардың балконға ересектердің қарауынсыз шығуына жол бермеңіз",- деп мәлімдеді Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі.