Қарағандылық тұрғын қайтыс болған ағасының орнына 5 миллион теңгеге жуық жәрдемақы алған

0
773

Тергеу барысында күдікті қайтыс болған ІІ топтағы мүгедектігі бар ағасының жәрдемақысын және әлеуметтік жәрдемақысын алғаны анықталды.


Қарағандылық тұрғын қайтыс болған ағасының орнына 5 миллион теңгеге жуық жәрдемақы алған

ERNUR.KZ. Қарағанды облысының тұрғыны қайтыс болған ағасының орнына бірнеше жыл бойы жәрдемақы алып келген, деп жазады Tengrinews.kz.

Алаяқтық дерегін Қаржы мониторингі агенттігінің Қарағанды облысы бойынша департамент қызметкерлері анықтаған. Күдіктіге қатысты "Алаяқтық" бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Тергеу барысында күдікті қайтыс болған ІІ топтағы мүгедектігі бар ағасының жәрдемақысын және әлеуметтік жәрдемақысын алғаны анықталды.

"Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" КЕАҚ ақпараттық жүйесінде қайтыс болу туралы тиісті ақпарат тіркелмеген. Осылайша, ол заңсыз 4,7 миллион теңге жәрдемақы алған. Қылмыстық іс Қазыбек би аудандық сотында қаралды. Ол 3,5 жылға бас бостандығын шектеу жазасына кесілді", - деді министрліктің баспасөз қызметі өкілдері.