Саябақ қызметкерлері уланған болуы мүмкін ет, шұжық, қант және т.б. тағамдарды іздестіріп жатыр.
ERNUR.KZ. Қарағанды қаласы Мәдениет және демалыс саябақтары басқармасы орталық саябақтың территориясында қайың тоғайы аумағында иттердің белгісіз заттан улану жағдайлары тіркелгенін жеткізді, деп жазады zakon.kz.
Саябақ қызметкерлері уланған болуы мүмкін ет, шұжық, қант және т.б. тағамдарды іздестіріп жатыр.
Адамдарға өз үй жануарларына мұқият болу ұсынылады, егер қандай да бір жеуге жарамды зат табылса, саябақ әкімшілігіне хабарласу сұралады.
Күдікті заттарды тауып алсаңыз, оны жерден көтерудің қажеті жоқ, өйткені ол қауіпті болуы мүмкін. Мүмкіндігінше мұндайда пакетті пайдаланыңыз. Күдікті заттарды қоқыс жәшігіне тастамаңыз, саябақ қызметкерлеріне ескертсеңіз болды, олар өздері бұл мәселені шешеді. Сондай-ақ балаларға да мұқият болуды ұсынамыз, - деді басқармадағылар.
Саябақ әкімшілігі осы мәселе бойынша полицияға арыз жолдайтындарын да айта кетті.