Карантин режимін бұзғандар 83 мың теңге айыппұл төлейді

0
686

5 шілдеден бастап елімізде 14 күнге бірқатар шектеу шараларын енгізу шешімі қабылданды.


Карантин режимін бұзғандар 83 мың теңге айыппұл төлейді

ERNUR.KZ. ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Ералы Тоғжанов карантин режимін бұзғандарға айыппұл салынатынын айтты, деп жазады ҚазАқпарат.

«Карантиндік режим мен санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке жеке тұлғалар 30 АЕК-ке (1 АЕК - 2778 теңге / 30 АЕК - 83 340 теңге), ал кәсіпкерлік субъектілері 230 АЕК-тен (638 940 теңге) жоғары сомаға тартылады. Тиісті нормативтік-құқықтық акті осы аптада қабылданады», - деді Е. Тоғжанов бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде.

Еске сала кетейік, бүгін Мемлекеттік комиссия эпидемиологиялық жағдайды тұрақтандыру жөніндегі шараларды бекіткен болатын. Оған сәйкес, биылғы 5 шілдеден бастап елімізде 14 күнге бірқатар шектеу шараларын енгізу шешімі қабылданды.