Алексей Цой коронавирустың таралуын болдырмау жөніндегі мемлекеттік комиссия отырысының нәтижелерін баяндап, есеп береді.
ERNUR.KZ. Ертең, 30 шілдеде Денсаулық сақтау министрі коронавирустың таралуын болдырмау жөніндегі мемлекеттік комиссия отырысының нәтижелерін жариялап, есеп береді, деп жазады zakon.kz.
Орталық коммуникациялар қызметі 30 шілдеде сағат 15.00-де Алексей Цой коронавирустық инфекцияның пайда болуы мен таралуын болдырмау жөніндегі комиссияның кезекті отырысының нәтижелерін жариялайтындығын хабарлады.
Бүгін, 29 шілдеде, Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың карантин шараларын екі аптаға ұзартуға бұйрық бергені белгілі болды.