"Қардың арты жаңбырға ұласады". Синоптиктер күн жылынатынын болжайды

0
946

Сондай-ақ синоптиктер сынап бағаны күндіз -3°C...-8°C аяздан, біртіндеп -2°C, одан кейін +3°C дейін көтерілетінін болжайды.


ERNUR.KZ Қыстың қақаған аязының беті қайтады. Қазақстанға солтүстік атлантикалық жылы ауа массасы жылжып келеді, деп жазады Zakon.kz.

"Қыстың нағыз қақаған аязды кезеңі аяқталады. Қазақстан аумағына Атлантикалық мұхиттың солтүстік бөлігіндегі жылы ауа массасы жылжып келеді. Нәтижесінде еліміздің басым бөлігінде ауа температурасы көтеріледі деп күтіледі. Кезекті солтүстік атлантикалық циклонның салдарынан метеожағдайлар нашарлап, боран соғып, қар жауады, ал қардың арты жаңбырға ұласады. Қазақстанның батысы мен оңтүстігінде 21 желтоқсанда кешке, сондай-ақ еліміздің солтүстігінде және орталығында көктайғақ болады деп болжанады". "Қазгидромет" РМК-ның баспасөз қызметі


Сондай-ақ синоптиктер сынап бағаны күндіз -3°C...-8°C аяздан, біртіндеп -2°C, одан кейін +3°C дейін көтерілетінін болжайды.

Айта кетсек, Жамбыл облысында жабылған барлық жол учаскелері ашылды.