Кәрім Мәсімов қайда? ІІМ басшысы жауабы

0
713

Кәрім Мәсімовке қатысты сот үкімі былтыр 24 сәуірінде шыққан.


Кәрім Мәсімов қайда? ІІМ басшысы жауабы

ERNUR.KZ. Мәжіліс кулуарында ішкі істер министрі Ержан Сәденовке Ұлттық қауіпсіздік комитетінің экс-төрағасы Кәрім Мәсімовтің қайда екені туралы сұрақ қойылды, деп жазады tengrinews.kz.

"Ол қайда? Бір жерлерде оның іс-шараларда жүргені түсірілген суреттер бар деген ақпарат болды. Бұл ақпарат қаншалықты шынайы немесе жалған? Неге оның қамауда екенін дәлелдейтін бірде-бір фото немесе видео жоқ?" – деп сұрады журналистер Мәжіліс кулуарында Ішкі істер министрлігі басшысына.

"Қазір тұтқынды көрсете алмаймыз. Ол (Мәсімов - еск.) сотталған, бас бостандығынан айыру орындарында", - деді Сәденов.

Кәрім Мәсімовке қатысты сот үкімі былтыр 24 сәуірінде шыққан. Ұлттық қауіпсіздік комитетінің бұрынғы төрағасы мүлкі тәркіленіп, мемлекеттік қызметте лауазымдарды атқару құқығынан өмір бойына айыра отырып, 18 жылға бас бостандығынан айырылды.