Кәрім Мәсімовті қамауға алу мерзімі 6 шілдеге дейін ұзартылды

0
408

Әнуар Садықұлов та 6 шілдеге дейін қамауда отырады.


Кәрім Мәсімовті қамауға алу мерзімі 6 шілдеге дейін ұзартылды

ERNUR.KZ. Кәрім Мәсімовті қамауға алу мерзімі 6 шілдеге дейін ұзартылды. Бұл туралы ақпаратты ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті растады, деп жазады inbusiness.kz.

ҰҚК төрағасының бұрынғы орынбасары, "А" арнайы қызметінің басшысы Әнуар Садықұлов та 6 шілдеге дейін қамауда отырады. ҰҚК төрағасының орынбасары Дәулет Ерғожинді қамауда ұстау мерзімі 13 шілдеге дейін ұзартылды.

Бұған дейін хабарланғандай, мемлекетке опасыздық жасады және билікті күшпен басып алуға бағытталған әрекеттер жасады деген күдікке ілінген ҚР ҰҚК бұрынғы төрағасы Кәрім Мәсімов, арнайы жасақ қызметінің басшысы Әнуар Садықұлов пен Дәулет Ерғожин қаңтарда тергеуге дейін қамауға алынды.