Кәрім Мәсімовтің тағы бір орынбасары ұсталды

0
537

23 ақпанда сот санкциясымен оған қатысты қамауда ұстау шарасы қолданылды.


Кәрім Мәсімовтің тағы бір орынбасары ұсталды

ERNUR.KZ. Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының тағы бір орынбасары ұсталды, деп жазады ҚазАқпарат.

Ұлттық қауіпсіздік комитеті бұрынғы ҰҚК төрағасы К. Мәсімовке, ҰҚК төрағасының бұрынғы орынбасарлары Ә. Садықұловқа, Д. Ерғожинға және басқаларға қатысты билікті күштеп басып алу, мемлекетке опасыздық жасау және лауазымдық өкілеттігін асыра пайдалану фактілері бойынша сотқа дейінгі тергеуді жалғастырып жатыр.

Сонымен қатар, 22 ақпанда лауазымдық өкілеттігін асыра пайдалану күдігі бойынша ҰҚК төрағасының бұрынғы орынбасары Өсіпов М.С. ұсталды.

23 ақпанда сот санкциясымен оған қатысты қамауда ұстау шарасы қолданылды.

Өзге ақпарат тергеу мүддесінде жариялауға жатпайды.