​Қарызын қайтармайтындардан шаршаған тұрғын елді күлкіге қарық қылды

0
12 498

ERNUR.KZ. Қарыз күліп кіріп, жылап шығады! Қарыз беруден әбден шаршаған тұрғын оны қайтарудың жаңа әдісін ойлап тапты. Ол ең болмағанда осы арқылы өзіне қарыз адамдардың ұятын оятып, берешегін қайтарып аламын деген болу керек. Енді қайтсін?!.

Қарыз адамдардың тізімін есімдерімен жіктеп және қанша сома қарыз екенін тізіп "Ұяты жоқтар!" деген атаумен қағазға жазып, есікке іліп қойған тұрғынның бұл хабарландыруы желідегілерді әбден күлдірді. Біздің пайымдауымызша, бұл дүкен иесі болуы мүмкін. Бұл хабарландыруды көрген желі қолданушылары қарыз берушінің фантазиясына таң қалды. Берешегі барлардың арасындағы «Гүлнәр тырық қатын баласы Аземай қызылбас», «Мұраттың напарнигі» деген есімдер біздің де күлкімізді келтіргені анық. Дегенмен желідегілердің кейбірі бүгінгі заманда қарыз беріп абырой таппайтынды алға тартқан. «Үшінші жыл болды, қарызымды ала алмай жүрмін», «Жақын құрбыма қарыз берген едім, енді ол жақын құрбым емес...» дегендердің ішінде «Нең бар қарызға беріп? Өзің кінәлісің...» деп дүкен иесінің өзіне кінә таққандар да болды.

Фото: желіден алынды