Қаржы министрі Елтаңбаны өзгертуге қатысты - "Әлі талқылаймыз"

0
1 349

БАҚ өкілі министрге "Елтаңбаны өзгертуге қаржы қайдан алынады?" деп сұрақ қойды.


Қаржы министрі Елтаңбаны өзгертуге қатысты -

ERNUR.KZ. Қаржы министрі Мәди Такиев Қазақстанның елтаңбаны өзгертуге қатысты сұраққа жауап берді, деп жазады baq.kz.

БАҚ өкілі министрге "Елтаңбаны өзгертуге қаржы қайдан алынады?" деп сұрақ қойды.

Елтаңбаны өзгерту мәселесі талқыланып жатыр. Президент Ұлттық құрылтайда бұл мәселені талқылауды ұсынды. Ол "Қоғам аталған мәселеге қолдау білдірсе, оны одан әрі талқылау қажет" деп айтты. Ол үшін арнайы комиссия құрылады. Онда осы мәселе нақты қарастырылады. Мәселе оң шешімін тапса, қалған шығындар анықталады. Алдымен бірінші мәселені шешіп алайықшы, - деді қаржы министрі Үкімет отырысынан соң өткен баспасөз мәслихатында.

Еске салсақ, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Атырауда өтіп жатқан Ұлттық құрылтайдың үшінші отырысында Елтаңбамызға қатысты сыни пікірлер жайлы мәселені көтеріп, азаматтардың пікірі ескерусіз қалмауы керегін айтқан еді.

Тым эклектикалық, күрделі дейді. Мұндай ойды ел ісіне бей-жай қарамайтын белсенді азаматтар ғана емес, мамандар да айтып жүр. Орынды пайымдар ескерусіз қалмауы керек. Ортақ келісімге келген жағдайда арнаулы комиссия құруға болады. Бұл комиссия мәселені жан-жақты қарастырып, қоғамдық талқылау өткізеді. Сосын Қазақстанның жаңа Елтаңбасының жобасын жасауға ашық байқау жарияланады, - деп айтқан еді Қасым-Жомарт Тоқаев.