Кәсіпқой бокс: Тағы бар қазақстандық боксшы мерзімінен бұрын жеңіске жетті

0
703

Қазақстандық былғары қолғап шебері франциялық Жоан Дюопамен жұдырықтасты.


Кәсіпқой бокс: Тағы бар қазақстандық боксшы мерзімінен бұрын жеңіске жетті

ERNUR.KZ. Отандық боксшы Жан Кособуцкий Германияның Гамбург қаласында өткен бокс кешінде кезекті жекпе-жегіне шықты, деп жазады nur.kz.

Қазақстандық былғары қолғап шебері франциялық Жоан Дюопамен жұдырықтасты. Ауыр салмақта өткен айқас он раундқа жоспарланған және кездесуде бос тұрған WBC International чемпиондық атағы сарапқа салынды.
Бұл жекпе-жектің соңы отандасымыздың жеңісімен аяқталды. Себебі оның қарсыласы алтыншы раундта шаршы алаңға шығудан бас тартты.
Осылайша, Жан Кособуцкий кәсіпқой мансабындағы он сегізінші жеңісіне қол жеткізіп, екінші дәрежелі WBC белбеуіне ие болды. Қарсыласы Жоан Дюопа болса мансабында жетінші рет ұтылып отыр.