Каспий теңізінде 5,4 магнитудалы жер сілкінісі тіркелді

0
83

Жер сілкінісінің магнитудасы — 5,4, энергетикалық класы K=13, тереңдігі — 64 км.


Каспий теңізінде 5,4 магнитудалы жер сілкінісі тіркелді

Фото: Анадолы

ERNUR.KZ. Каспий теңізінде 5,4 магнитудалы жер сілкінісі тіркелді, деп жазады inform.kz.

Қазақстандық сейсмологтар Каспий теңізінде жер сілкінісін тіркеді.

Қазақстан Ұлттық деректер орталығының мәліметінше, 2026 жылғы 8 сәуірде Астана уақытымен сағат 14:05–те Әзербайжанның жағалау аймағында жер сілкінісі болған.
Жер сілкінісінің магнитудасы — 5,4, энергетикалық класы K=13, тереңдігі — 64 км.
Ресейдің сейсмологиялық қызметінің хабарлауынша, дүмпулер Әзербайжанның кейбір өңірлерінде 3–4 балл деңгейінде сезілген.