Каспий теңізінде ағын алып кеткен екі адам 8 сағаттан соң табылды

0
301

Олар дін аман.


Каспий теңізінде ағын алып кеткен екі адам 8 сағаттан соң табылды

ERNUR.KZ. Каспий теңізінде екі адам құтқарылды, деп жазады azattyq-ruhy.kz.

«Осы түні 1998 және 1996 жылы туылған екі жергілікті тұрғын sup board пен сырғанауға теңізге барған. Ағынмен жастарды теңізге алып кеткен еді. Іздестіру жұмыстары 8 сағатқа жуық созылды. Жұмысқа құтқарушылардан басқа, әскери теңізшілер де тартылды, олар таңға қарай жағалаудан 5 шақырым жерде Көгілдір айлақ аумағында жоғалған адамдарды тапты», - делінген ақпаратта.

Ер адамдардың жағдайы тұрақты. Олар Ақтау портына жеткізіліп, медициналық көмек көрсетілді.