Каспий теңізінен үлкен қара дақ байқалды

0
242


Каспий теңізінен үлкен қара дақ байқалды

Фото: primeminister.kz
ERNUR.KZ. 16 тамызда "Мөлдір әлем" жобасының экологтары Каспий теңізінен ластаушы дақты анықтады, деп жазады Stan.kz.




Дақтың аумағы – 82 шаршы шақырым.

"Каспийдегі мөлдір әлем" жобасының қатысушылары Sentinel-1A радиолокациялық фотосында үлкен фрагменттік дақ тіркелгенін айтты. Жобаға қатысушылардың айтуынша, ол мұнай немесе балық аулау қалдықтарынан тұруы мүмкін.


Ол Қазақстан және Әзірбайжан секторларын қамтитын Құрық портынан Бакуге дейінгі кеме қатынасы бойымен созылып жатыр.

"Бұл енді судағы кездейсоқ "лас дақ" емес, Каспий картасындағы тұтас қара белгі", – деп хабарлады Transparent World.

Олар мұндай шығарындылар жалғаса берсе, теңіздің жағдайы құриды деп алаңдайды.