Каспий жағалауынан 100-ге жуық итбалықтың өлексесі табылды

0
133

Мамандар сынама алу, зерттеу жүргізу және қолданыстағы ережелерге сәйкес өлекселерді жоюды ұйымдастырумен айналысады.


Каспий жағалауынан 100-ге жуық итбалықтың өлексесі табылды

Фото: instagram.com/fishcommitteekz

ERNUR.KZ. Маңғыстау облысында Каспий жағалауына 100-ге жуық итбалықтың өлексесі шығып қалды, деп жазады Tengrinews.kz.

Ведомство мәліметінше, итбалық өлекселері 17 сәуірде Түпқараған ауданында табылды. Итбалықтардың денесі жағаға батыстан соққан қатты желдің салдарынан шығып қалғаны атап өтілді.

Жануарлардың қырылу себептерін анықтау және салдарын жою мақсатында ведомствоаралық жұмыс тобы құрылды. Оқиға орнына табиғат қорғау және мемлекеттік органдардың, соның ішінде экологтар, ветеринария қызметтері, полиция және бейінді ғылыми ұйымдардың өкілдері барды.

Мамандар сынама алу, зерттеу жүргізу және қолданыстағы ережелерге сәйкес өлекселерді жоюды ұйымдастырумен айналысады.

Гидробиология және экология институтының ақпараты бойынша, итбалықтар осыдан бір айдан астам уақыт бұрын қырылған. Алайда жануарлардың денесі батыстан соққан желдің әсерінен жағаға енді ғана шығып қалған.

Каспий теңізі жағалауына мониторинг жүргізу жалғасып жатыр. Құзырлы орган өкілдері жағдай тұрақты бақылауда екенін айтты.