«Қазконтент» қолға алған жобаның мақсаты белгілі. Бұрын ғаламторда жарық көрген туындыларды қалың жұртқа насихаттау. Жинақ алты бөлімнен тұрады. Орыс және қазақ тілінде шыққан.
фото: 24.kz
Қазақ халқының тарихы, этнографиясы және этнологиясы бойынша дайындалған ғылыми-көпшілік мақалалар жинақ болып шықты,-деп хабарлайды 24.kz.
«Қазконтент» қолға алған жобаның мақсаты белгілі. Бұрын ғаламторда жарық көрген туындыларды қалың жұртқа насихаттау. Жинақ алты бөлімнен тұрады. Орыс және қазақ тілінде шыққан. Ел тарихын зерттеу, зерделеу оны Нэйшнл Дижитл Хистори порталында насихаттауға бет бұрған авторлар тың дерек, ресми құжаттарын ұсынды. Жинақта Алаш тақырыбы да көрініс тауып, еліміздің бай мұрасын одан әрі індете зерттеудегі жетістіктер айтылған. Өмірбек Байгелді, мемлекет және қоғам қайраткері: - Халыққа өзінің тарихынан өмірінен мәліметтер әлі көптеп керек. Өйткені ұрпақ ауысып жатыр. Ілгеріні білетін, оқыған, көрген буын өтіп кетеді де, жас ұрпақтар келеді, оларға да білім керек, оларға да тарихын білу керек.