Қазақстан 5 жылда шетелге 17,4 млрд теңгелік гуманитарлық көмек жіберді

0
107

Гуманитарлық көмек – қайырымдылық қана емес, елдер арасындағы достық қарым-қатынасты айқындайтын құрал.


Қазақстан 5 жылда шетелге 17,4 млрд теңгелік гуманитарлық көмек жіберді

Фото: gov.kz

ERNUR.KZ. Қазақстан кейінгі бес жылда шетелге гуманитарлық көмек ретінде 17 млрд теңгенің тауарын жіберді, деп жазады inbusiness.kz.

Көмек алған елдер қатарында Палестинадан бөлек, Қырғызстан, Тәжікстан, Түркия, Ауғанстан, Украина, Пәкістан, Сирия және Вьетнам бар. Осындай маңызды қадамдар арқылы Қазақстан жаһандық аренадағы жауапты әрі сенімді әріптестік рөлін нығайтып келеді.

Қазақстан алыс-жақын мемлекеттердегі әлеуметтік-экономикалық тұрақтылықты қолдауға және төтенше жағдайлардың салдарын жоюға қол ұшын тұрақты созып келеді.

Мұндай миссияларды үйлестіретін KazAID ұйымының мәліметі бойынша, 2021 жылы шетелге 6 млрд теңгеге жуық гуманитарлық көмек жіберілді. Олар Қырғызстан, Тәжікстан және Ауғанстандағы экономикалық тұрақтылықты қолдауға және пандемиямен күрес шараларына арналған. Бұл көмек түрі 2022 жылы да жалғасып, тізімге табиғи апат пен геосаяси жағдайға байланысты Пәкістан мен Украина қосылды.

Ал 2023 жылы Түркия мен Сирияда жойқын жер сілкіністері тіркелді. Салдарынан мыңдаған адам көз жұмып, тағы мыңдағаны жарақат алды. Зілзаладан зардап шеккендерге KazAID есебінен 1,5 млн доллар мен материалдық көмек жолданды. Сонымен қатар Ұлттық волонтерлік желі қосымша қолдау көрсетіп 1000 тоннаға жуық жүк жөнелтті.