Қазақстан әскери мүлкін Тәжікстанға беруге шешім қабылдады

0
1 088

Тәжікстанға берлетін әскери мүліктердің ішінде оқ-дәрілер, авиациялық және артиллериялық жабдықтар, биологиялық және химиялық қорғау жабдықтары бар.


Қазақстан әскери мүлкін Тәжікстанға беруге шешім қабылдады

ERNUR.KZ. Сенаторлар Тәжікстан-Ауғанстан шекарасын нығайту мақсатында Қазақстанның әскери мүлік пен оқ-жабдықтарын беруге шешім қабылдады, деп жазады Qamshy.kz.

«Тәжікстан мен Ауғанстан шекарасындағы жағдай күннен-күнге нашарлап барады. Шекара белдеуінде күнделікті террористік топтармен қарулы қақтығыстар орын алып, олар ірі көлемде есірткі кіргізуді көздеп отыр. Сондықтан да Тәжікстанға әскери мүлік арқылы көмек беру өте орынды әрі Орталық Азияның қауіпсіздігін сақтауға септігін тигізеді», - деп айтты сенатор Талғат Мұсабаев.

Заң жобасында көрсетілгендей, Қазақстан Душанбе қаласындағы «Рохати» станциясына қару-жарақтарды жеткізу шығынын толықтай өз мойынына алады, ал Тәжікстан әскери мүлікті үшінші жаққа жібермеуге мүдделі.

«Келісім бойынша Тәжікстанға берлетін әскери мүліктердің ішінде оқ-дәрілер, авиациялық және артиллериялық жабдықтар, биологиялық және химиялық қорғау жабдықтары және медициналық көмек көрсетуге арналған жабдықтар бар», - деді Талғат Мұсабаев.

Оның айтуынша, Тәжікстанға әскери оқ-дәрі жабдықтармен көмек көрсету Қазақстанның Қарулы күштеріне ешқандай кері әсерін тигізбейді