Екі жылдан кейін Қазақстан әуежайларындағы паспорт бақылауында бар-жоғы 4 секунд тұруың мүмкін.
ERNUR.KZ. Екі жылдан кейін Қазақстан әуежайларына автоматтандырылған паспорттық бақылау жүйесі енгізіледі. Бұл туралы шекаралық бақылау бас басқармасының бастығы Марат Мағжанов мәлімдеді, деп жазады stan.kz.
Президенттің Astana Motorsports клубының ұшқышы, қазақстандық кәсіпкер Айдын Рахымбаевтың Кореядағы инновация туралы жазбасы жұрттың қызу талқысына түскен болатын. Кәсіпкер аталған елде көптеген технологиялық және инновациялық жетістіктің куәсі болғанын жазды. Сондай-ақ, неліктен Қазақстанда мұндай мүмкіндіктер жоқ екеніне тоқталды.
«Мені Азия тағы бір рет таңғалдырды. Сеулде бір күн түнегеннің өзінде көптеген инновацияның куәсі болдым. 5G АҚШ-тағыдан да жылдам жұмыс істейді, ал медицинасы Германиядан әлдеқайда жақсы әрі арзан. Адамдары да Шығыстағыларға қарағанда сыпайы, технологиясы да мықты», - деді Айдын Рахымбаев.
Әрі қарай ол Сеулдегі әуежайдағы паспорт бақылауының қалай өтетініне таңғалғанын жеткізді. Айтуынша, бұл процесс бірнеше секундты ғана алады.
«Ал әуежайдағы паспорт бақылауын айтсаңшы! Жақындайсың да паспортыңды 4 секундтай, кейін саусағыңды 3 секундтай тигізіп тұрасың, болды! Шекарашы-офицерлер де, басқалар да жоқ! Біз де Азия емеспіз бе? Неге артта қалып қойғанбыз? Мұның орнына біз инновацияға толы смартфондарымызды мемлекеттік органдарға кірер кезде сыртта қалдырып кетуге мәжбүрміз», - деп кейіді ол.