Азық-түлік өнімдері елдің мұқтаж аймақтарына таратылады.
ERNUR.KZ. Қазақстаннан барған гуманитарлық көмек Ауғанстан Ислам Республикасының халқына ресми тапсырылды, деп жазады ҚазАқпарат.
Барлық санитарлық-эпидемиологиялық нормаларды сақтай отырып, ішінде 1900 тонна ұн, 500 тонна макарон өнімдері, 4 мың литр күнбағыс майы және 200 мың қоюлатылған сүт банкасы кіретін 46 вагон гуманитарлық жүк жеткізілді.
Ресми іс-шараға Балх провинциясы әкімшілігінің, Ауғанстан СІМ және Қазақстанның Ауғанстандағы елшілігінің өкілдері қатысты.
Аталған азық-түлік өнімдерін АИР үкіметі елдің мұқтаж аймақтарына таратады.