Қазақстан Ауғанстанға 26 вагон гуманитарлық көмек жіберді

0
142

Жүктің ішінде шатыр, қант, көрпе, ет консервілері және ұн бар.


Қазақстан Ауғанстанға 26 вагон гуманитарлық көмек жіберді

фото: Официальный сайт СЦК при президенте Казахстана

ERNUR.KZ. Төтенше жағдайлар министрлігі KazAID Қазақстанның халықаралық даму агенттігі қолдауымен Ауғанстанға гуманитарлық көмектің ірі партиясын теміржол арқылы жеткізді, деп жазады sputnik.kz.
"Жалпы салмағы 272 тонна 728 килограммды құрайтын 26 вагон гуманитарлық жүк жөнелтілді, оның ішінде шатыр, қант, көрпе, ет консервілері және ұн бар", - деп жазылған хабарламада.
Еске сала кетейік, 2025 жылдың сәуір айында да гуманитарлық көмек жіберілген болатын. Дәрі-дәрмек, медициналық бұйым және жеке қорғаныс құралдары тиелген жүк әуе арқылы жеткізіліп, оның жалпы салмағы 3 тонна 396 килограммды құрады.