Ауған тарапы гуманитарлық көмек үшін Қазақстан президенті мен халқына алғыс айтты.
ERNUR.KZ. Қазақстандық делегация Кабулға жұмыс сапарымен барды. Сапар барысында мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың өкімімен Ауғанстанға гуманитарлық көмек ретінде 5 мың тонна ұн жеткізілді, деп жазады sputnik.kz.
17 қазанда Қазақстан президентінің халықаралық ынтымақтастық жөніндегі арнаулы өкілі Ержан Қазыхан бастаған делегация Кабулға жұмыс сапарымен барды. Сапар аясында Ержан Қазыхан Ауғанстанның қазіргі әкімшілігінің өкілдері Абдул Ғани Барадар және Амир Хан Мутаккимен кездесті.
Кездесу барысында Қазақстанның ауған халқына көрсетіп жатқан гуманитарлық көмегі мен сауда-экономикалық байланыстарды қалпына келтіру мәселелері талқыланды.
Сондай-ақ Ауғанстанға гуманитарлық көмек ретінде 5 мың тонна ұн жеткізілді, отандық QazVac вакцинасын беру туралы ұсыныс айтылды.
Ауған тарапы гуманитарлық көмек үшін Қазақстан президенті мен халқына алғыс айтты.