Келісімге өзгерістер енгізу туралы хаттамаға 2022 жылы 22 желтоқсанда Ташкент қаласында қол қойылған болатын.
ERNUR.KZ. Қазақстан мен Өзбекстан азаматтары екі ел аумағында 30 күн тіркеусіз жүре алады, деп жазады sputnik.kz.
Парламент мәжілісі 2000 жылғы 7 шілдедегі екі ел үкіметтері арасындағы азаматтардың өзара сапарларының шарттары туралы келісімге өзгерістер енгізілген хаттаманы ратификациялады.
Оған сәйкес, Қазақстан мен Өзбекстан өз азаматтарының көрші ел аумағында тіркеусіз жүру мерзімін 5 күннен 30 күнге дейін ұзартады.
Келісімге өзгерістер енгізу туралы хаттамаға 2022 жылы 22 желтоқсанда Ташкент қаласында қол қойылған болатын.
Жаңа құжат екі ел азаматтарының Қазақстан мен Өзбекстан аумағында болуы үшін қолайлы жағдай жасайды, бауырлас елдер арасындағы экономикалық байланыстың, іскерлік және мәдени тәжірибе алмасудың одан әрі дамуына ықпал етеді.