Қазақстан Әзербайжанға тоңазытқыш вагондар жеткізетін болады

0
470

Қазір зауытта 128 адам еңбек етеді, жұмысшылардың санын 200-ге жеткізуді жоспарлап отыр.


Қазақстан Әзербайжанға тоңазытқыш вагондар жеткізетін болады

ERNUR.KZ. Солтүстік Қазақстан облысы Әзербайжанға 50 тоңазытқыш вагон жеткізетін болды. Бұл туралы облыс әкімі Құмар Ақсақалов әлеуметтік парақшасында жазды, деп жазады azattyq-ruhy.kz.

«2019 жылдың соңында «Cool Infinity» біздің өңірде термос-вагондарды шығаруды бастады. Бүгін біз кәсіпорынды одан әрі дамыту жоспарларын талқыладық. 2020 жылы 62, өткен жылы 140 вагон құрастырылды. Биылғы жылдың соңына дейін 150 вагон шығарылады. Сондай-ақ Әзірбайжанға 50 рефрижераторлы вагон шығаруға контракт алды», - деді облыс әкімі Құмар Ақсақалов.

Қазір зауытта 128 адам еңбек етеді, жұмысшылардың санын 200-ге жеткізуді жоспарлап отыр. Жалпы инвестиция көлемі биылғы жылдың соңына дейін 4,4 млрд теңгені құрайды.

Ақмақ басшысының айтуынша, қазір мұнда сыйымдылығы жоғары жаңа термос-вагондар жасалып жатыр. Тестілеу және сертификаттау биылғы жылдың соңына жоспарланған.