Қазақстан ЕАЭО елдері арасында инфляция бойынша 2-орында тұр

0
936

Ең жоғары инфляция Беларусьте.


Қазақстан ЕАЭО елдері арасында инфляция бойынша 2-орында тұр

ERNUR.KZ. Ұлттық статистика бюросы ЕАЭО елдеріндегі 2022 жылғы тамыздағы жылдық инфляция деңгейі туралы айтты, деп жазады zakon.kz.

Мысалы, ең жоғары инфляция Беларусьте – 17,9%, екінші орында – Қазақстан 16,1%, үшінші орында – Қырғызстан (15,6%) болды.

Одан кейінгі орындарда: Ресей – 14,3% және Армения – 9,1%.

Статистика мамандары атап өткендей, азық-түлік және алкогольсіз сусындардың басым бөлігі Қазақстанда – 21%, алкогольдік және темекі өнімдері – Қырғызстанда – 18,6%, тұрғын үй қызметтері – Беларусьте – 13,8% қымбаттады.

Бұл ретте көлік қызметтері бағасының өсуі Беларусьте де байқалды – 28,1%. Ал киім мен аяқкиім Қазақстанда ең көп қымбаттаған (11,7%).