Қазақстан елтаңбасы өзгертілмейтін болды

0
541

15 наурызда Ұлттық құрылтайда мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев "Кеңес дәуірінің белгілеріне" байланысты Қазақстанның елтаңбасын өзгертуді ұсынған еді.


Қазақстан елтаңбасы өзгертілмейтін болды

ERNUR.KZ. Мәдениет және ақпарат министрлігі елтаңбаны өзгерту мәселесі жақын арада қарастырылмайтынын мәлімдеді, деп жазады stan.kz.

Министрліктің мәліметінше, мәселе күн тәртібінен шығарылды.

15 наурызда Ұлттық құрылтайда мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев "Кеңес дәуірінің белгілеріне" байланысты Қазақстанның елтаңбасын өзгертуді ұсынған еді.

Ол қоғамдық талқылаулар өткізу үшін арнайы комиссия құруды, содан кейін Қазақстанның жаңа мемлекеттік елтаңбасының ең үздік эскизіне ашық конкурс жариялауды ұсынған.

Сәуір айының басында қаржы министрі Мәди Такиев су тасқынына байланысты елтаңбаны өзгерту туралы шешімді кейінге қалдыру керек деген пікір білдірген. Қаржы министрлігі құзырлы органның сауалына берген жауабында биыл Мәдениет министрлігі жаңа елтаңбаны шығаруға қосымша шығын жарияламағанын айтты.