​Қазақстан Иранға 500 мың тоннаға жуық бидай жөнелтеді

0
1 581

2017 жылы біздің ел Иранға 880 мың тонна арпа экспорттаса, былтыр бұл көрсеткіш 1 мың 550 тоннаға дейін жеткен.


​Қазақстан Иранға 500 мың тоннаға жуық бидай жөнелтеді

ERNUR.KZ. Қазақстан мен Иран өзара тауар айналымын жандандыру жөнінде арнайы келісімге келген, деп жазады «Хабар 24».

Соған сәйкес, биыл Иранға 500 мың тоннаға жуық бидай жеткізу жоспарланып отыр. Ал келесі жылы экспорт көлемін екі есеге дейін көбейту көзделген. Есте болса, 2015 жылы Иран Республикасы шет мемлекеттерден астық алуын уақытша тоқтатқан еді. Осыған дейін ислам мемлекеті тек қазақстандық арпаны ғана тұтынып келген. Мәселен, 2017 жылы біздің ел Иранға 880 мың тонна арпа экспорттаса, былтыр бұл көрсеткіш 1 мың 550 тоннаға дейін жеткен.
Гүлмира Исаева, ҚР Ауыл шаруашылығы вице-министрі:
– Иран Ислам Республикасына астық жөнелту Қазақстанның экспорттық әлеуетін еселей түседі. Біз отандық бидайды Иран еліне темір жол арқылы жеткізуді жоспарлап отырмыз. Одан бөлек, Ақтау порты арқылы теңізбен өнім асыруға мүмкіндігіміз бар.