Қазақстан халқына қоры білім гранты иегерлерінің тізімін жариялады

0
419

Биыл оқуға түскен студенттердің көпшілігі инженерия, білім беру, құрылыс, туризм, қонақ үй бизнесі сияқты салаларды таңдаған.


Қазақстан халқына қоры білім гранты иегерлерінің тізімін жариялады

ERNUR.KZ. «Қазақстан халқына» қоғамдық қоры қаржыландыратын білім гранттарын 771 талапкер алды, деп жазады ҚазАқпарат.

««Қазақстан халқына» қоғамдық қоры білім беру гранттары қайырымдылық бағдарламасы аясында гранттарды бөлу жөніндегі тәуелсіз комиссия жоғары оқу орындарының ақылы бөлімдерінде білім алатын 771 студенттің өтінімін мақұлдады.

Сонымен қатар, бөлінбеген гранттарды және студенттердің өтінімдерді қабылдау мерзімін ұзарту туралы көптеген өтінішін ескере отырып, «Қазақстан халқына» қоры қосымша байқау жариялау туралы шешім қабылдады. Байқау 2022 жылдың 8-20 қыркүйегі аралығында жүргізіледі», - деп көрсетілген қордың ресми сайтындағы хабарламада.

Еске салайық, алдын 125 мың қазақстандық ел колледждерінде оқуға грант алғанын хабарлап едік. Биыл оқуға түскен студенттердің көпшілігі инженерия, білім беру, құрылыс, туризм, қонақ үй бизнесі сияқты салаларды таңдаған.