Қазақстан Қырғыз Республикасына гуманитарлық көмек көрсетті

0
576

Көрші елге 1000 тонна дизель отынының жеткізілген.


Қазақстан Қырғыз Республикасына гуманитарлық көмек көрсетті

ERNUR.KZ. Қазақстанның гуманитарлық көмегі Қырғызстанға жетті. Мемлекеттік материалдық резервтен тиелген мың тонна дизель отыны ресми түрде Қырғыз Республикасына бүгін берілді, деп жазады azattyq-ruhy.kz.

Гуманитарлық көмек ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес, сондай-ақ KazAID Қазақстандық халықаралық даму агенттігінің қолдауымен көрсетілді.

1 000 тонна дизель отынының екінші партиясы Ыстықкөл облысындағы Балықшы станциясына жөнелтілді.

Тапсыру Қазақстанның Қырғызстандағы елшісі Рәпіл Жошыбаев пен Қырғыз Республикасының Энергетика министрі Таалайбек Ибраевтың қатысуымен жүзеге асты.