Қазақстан мектептерінде каникул уақыты өзгере ме?

0
1 829

"Бүгінде коронавирус жұқтырған бірде-бір адам тіркелген жоқ".


Қазақстан мектептерінде каникул уақыты өзгере ме?

ERNUR.KZ. Мектептердегі мерекелік іс-шараларға шектеу қойылуы коронавирусқа байланысты емес. Себебі Қазақстанда COVID-2019 анықталған жоқ. Бұл туралы бас санитар дәрігер Жандарбек Бекшин айтты, деп жазады Tengrinews.kz.

"Бүгінде коронавирус жұқтырған бірде-бір адам тіркелген жоқ. Сондықтан да карантин жариялап, каникул уақытын өзгертпейміз", - деді Бекшин.

Ал Нұр-Сұлтан қаласының білім басқармасындағылар коронавирустың алдын алу мақсатында 8 наурыз қарсаңында қоғамдық жерлерге көп бармауға кеңес береді.