Қазақстан мен Макао арасында визасыз режим орнатылды

0
364

Бұл келісім екі тарап арасындағы сауда-экономикалық, мәдени-гуманитарлық және туристік ынтымақтастықты дамытуға қосымша серпін береді.


Қазақстан мен Макао арасында визасыз режим орнатылды

ERNUR.KZ. Қазақстан мен Макао АӘА визасыз режим туралы келісімге қол қойды, деп жазады inbusiness.kz.

СІМ мәліметінше, Қазақстан Республикасының Қытай Халық Республикасындағы елшісі Шахрат Нұрышев және Макао арнайы әкімшілік және әділет хатшысы Чонг Вэн Чон Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қытай Халық Республикасының Макао Арнайы Әкімшілік Ауданының Үкіметі арасындағы 14 күнге дейінгі мерзіммен визалық талаптардан өзара босату туралы келісімге қол қойды. Құжат мемлекетшілік рәсімдер аяқталғаннан кейін күшіне енеді.

Бұл келісім екі тарап арасындағы сауда-экономикалық, мәдени-гуманитарлық және туристік ынтымақтастықты дамытуға қосымша серпін береді.

"Сонымен қатар, елші Ш.Нұрышев Макао АӘА Әкімшілігінің басшысы Хо Ятсенмен және ҚХР СІМ комиссары Лю Сянфамен келіссөздер жүргізді", - делінген мәліметте.

Кездесулер барысында тараптар Қазақстан мен Макао арасындағы өңіраралық ынтымақтастықтың қазіргі жағдайы мен келешегін, сондай-ақ Қытайдағы Қазақстанның туризмі жылының аясындағы әрекеттесу сұрақтарын талқылады.