Қазақстан мен Ресей омбудсмендері құқық қорғау саласында тәжірибе алмасты

0
85

Артур Ластаев Мәскеудегі "Адам құқықтарын қорғау мәселелері: омбудсмендердің озық тәжірибелерімен бөлісу" атты ІХ халықаралық конференцияға қатысты.


Қазақстан мен Ресей омбудсмендері құқық қорғау саласында тәжірибе алмасты

фото: Уполномоченный по правам человека в Республике Казахстан

ERNUR.KZ. Қазақстан мен Ресейдің адам құқықтары жөніндегі уәкілдері Артур Ластаев пен Татьяна Москалькова Мәскеуде кездесті, деп жазады sputnik.kz.
Тараптар екі елдің адам құқықтары институттары арасындағы ынтымақтастықтың өзекті мәселелерін талқылады. Сондай-ақ азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау саласында тәжірибе алмасты.
"Артур Ластаев пен Татьяна Москалькова ашықтық, заңдылық және өзара құрмет қағидаттарына негізделген институтаралық ынтымақтастықтың маңыздылығын айтты. Олар бірлескен іс-шаралар өткізуді, ақпарат алмасуды және трансшекаралық жағдайларда азаматтардың құқықтарын қорғау бойынша күш-жігерді үйлестіруді қоса алғанда, өзара іс-қимылды одан әрі тереңдетуге дайын екендіктерін білдірді", - деп хабарлады Қазақстан омбудсменінің баспасөз қызметі.
Кездесуден кейін омбудсмендер екі ел азаматтарының мүдделеріне қатысты гуманитарлық мәселелер бойынша бірлескен жұмыстарды жалғастыруға келісті.
Артур Ластаев Мәскеудегі "Адам құқықтарын қорғау мәселелері: омбудсмендердің озық тәжірибелерімен бөлісу" атты ІХ халықаралық конференцияға қатысты.
Конференцияда Ластавев 2024 жылдың желтоқсанында Қазақстан мен Ресей озық тәжірибелермен алмасу туралы келісімге қол қойғанын еске алды.
"Небәрі тоғыз айдың ішінде бір ғана Ресей Федерациясының Адам құқықтары жөніндегі уәкілінен 20-дан астам сұрау түсті. Бізден де он шақты сауал болды", - деді Ластаев.