Қазақстан Өзбекстаннан жүк вагондарын сатып алды

0
317

ҚР Көлік министрі Марат Қарабаев алдағы 5 жылда 1200 жаңа вагон сатып алынатынын мәлімдеген болатын.


Қазақстан Өзбекстаннан жүк вагондарын сатып алды

Фото: «Өзбекстан темір жолдары» АҚ

ERNUR.KZ. Қазақстан «Өзбекстан темір жолдары» АҚ құрамына кіретін «Құю-механикалық зауытынан» 20 жүк вагоннын сатып алды. Өзбек тарапы оларды 23 қазанда елімізге жөнелтті, деп жазады inform.kz.

Компаниядан атап өткендей, барлық вагондар халықаралық стандартқа, Кеден одағының техникалық регламентіне сай жасалған. Олар ені 1520 мм болатын рельстер арқылы жүк тасымлдауға арналған.

«Зауыт жылына 1200 жаңа вагон шығарып, тағы 1500-ін жөндеуден өткізуге қауқарлы. Комапанияның өнімі тек ел ішінде емес, сонымен қатар шет мемлекеттерде де сұранысқа ие. Биыл 9 айда экспорттың жалпы сомасы 2,4 млн долларға теңелді. Негізгі сатып алушы елдер: Қазақстан, Литва, Шотландия және Біріккен Араб Әмірліктері», - деп мәлім етті «Өзбекстан темір жолдары» акционерлік қоғамының баспасөз қызметінен.

Еске салайық, ҚР Көлік министрі Марат Қарабаев алдағы 5 жылда 1200 жаңа вагон сатып алынатынын мәлімдеп еді.

Мұнымен бірге елімізде жүк вагондарын жасау 6 есе ұлғайған болатын.