Қазақстан ресейлік 100 вагонды сатып алады

0
1 167

Келесі жылы Қазақстан Тверь вагон жасау зауытының технологиясы бойынша шығарылған "Тұлпар-Тальго" өндірісінің 92 плацкарт және сегіз купе вагонын сатып алады.


Қазақстан ресейлік 100 вагонды сатып алады

ERNUR.KZ. Қазақстанда 2020 жылы Тверь вагон жасау зауытының технологиясы бойынша өндірілген жүз жолаушылар вагоны 40,8 миллиард теңгеге (шамамен 105 миллион доллар) сатып алынады, деп жазады Sputnik Қазақстан.

2019 жылдың соңына дейін "Тұлпар-Тальго" Тверь зауытының әдістемесі бойынша 46 вагон жинайтыны туралы хабарланды. Олар 2020 жылдың бірінші тоқсанында жеткізіледі деп жоспарлануда. Жалпы сомасы – 19,1 миллиард теңге (49 миллион доллар).

"2020 жылы "Тверь вагон жасау зауыты" ААҚ технологиясы бойынша шығарылған "Тұлпар-Тальго" өндірісінің 100 жолаушылар вагонын (92 плацкарт және сегіз купе) 40,8 миллиард теңгеге сатып алу жоспарлануда", - деді Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі көлік комитеті төрағасының орынбасары Жәнібек Тайжанов.

2019 жылы 24,1 миллиард теңгеге (шамамен 62 миллион доллар) 63 плацкарт вагон сатып алынды. Алғашқы партия шілде айынан бастап Алматы – Маңғыстау бағыты бойынша жүріп жатыр.

Вагон құрастыру

"Трансмашхолдинг" (ТМХ) тобы "Тұлпар-Тальго" зауытының 99% акциясын сатып алды, деп хабарлады Atameken Business арнасы. Келісім сомасы 23 миллион еуроны құрады.

Қазақстан испандық Talgo компаниясымен келісімшартты бұзды.

"Трансмашхолдингтің жоспарында жолаушылар вагоны өндірісін локализациялау деңгейін 2020 жылы 12% -ға дейін арттыру қарастырылған", - деді Тайжанов.

Вагондар қалай жабдықталған

Вагондарда қоқысты бөлек жинауға арналған контейнерлер, кондиционер, дәліздер мен тамбурларда видеоекамералар бар.

Әр купе мен дәліздерге 220 Вольттық екі электр резеткісі және ұялы телефондар мен гаджеттерді қуаттауға арналған екі USB порты орнатылған. Жолсерік үшін тоңазытқыш, микротолқынды пеш, ауыз су диспенсері және ыстық су құйылатын титан қойылған. Жолаушылар вагондарының қызмет ету мерзімі – 40 жыл.