Жүргізушілерге Қазақстан-Ресей мемлекеттік шекарасынан өту жоспарын жасағанда осы жағдайды ескеру ұсынылды.
фото: Александр Кондратюк / РИА Новости
ERNUR.KZ. Қазақстан Ресеймен шекарадағы бір өткізу пунктін уақытша жапты. Бұл туралы жүргізушілерге табиғи жағдайларға байланысты хабарланған, деп жазады ulysmedia.kz.
27 наурыз күні Берсуат өзенінің тасуына байланысты Қазақстан азаматтарды, көлік құралдарын және жүктерді «Желқуар» автомобильдік өткізу бекеті арқылы өткізуді уақытша тоқтатты (Ресей жағында — «Мариинский»).
- Осыған байланысты Челябі облысындағы Ресей аумағында орналасқан “Мариинский” автомобильдік өткізу пункті арқылы қозғалыс уақытша тоқтатылды, — делінген «Росгранстрой» хабарламасында.
Жүргізушілерге Қазақстан-Ресей мемлекеттік шекарасынан өту жоспарын жасағанда осы жағдайды ескеру ұсынылды.


