"Қазақстан" шахтасында тағы бір жұмысшының денесі табылды

0
418

Өзге жұмысшыларды іздеп-табу үшін 3 бөлімше тау-кен шығарындыларын тексеруге жұмылдырылған.


ERNUR.KZ. Қарағанды облысындағы "Қазақстан" шахтасында тағы бір жұмысшының денесі табылды, деп жазады inbusiness.kz.

"Шахтада авариялық-құтқару жұмыстары түнімен жүргізілді. Сағат 8:15-тегі жағдай бойынша тағы бір жұмысшының денесі табылды. Қазір мәйітті беру шаралары жүріп жатыр. Қазіргі уақытта өртті оқшаулау бойынша 4 бөлімше жұмыс істеуде, олар авариялық өндірістен температураны түсірумен айналысып жатыр. Қалған жұмысшыларды іздеп-табу үшін тағы 3 бөлімше тау-кен шығарындыларын тексеруге жұмылдырылған. Жұмысшыларымызды жедел іздеп-табуға барлық шара қабылданып жатыр", деді "АрселорМиттал Теміртау" АҚ атқарушы директорының орынбасары Сергей Огай.