Бұған дейін визасыз режим уақытша және сынақ режимінде жұмыс істеп келген.
ERNUR.KZ. Қазақстан үкіметі Таиландпен 30 күнге дейін тұрақты визасыз режим туралы келісімге қол қойды, деп жазады stan.kz.
Бұған дейін визасыз режим уақытша және сынақ режимінде жұмыс істеп келген. 2024 жылдың сәуірінде Қазақстан Таиландпен тұрақты визасыз режим туралы келісімді бекітті. Тамыз айында Қазақстан үкіметі бұл құжатты бекітті.
Келісімге сәйкес, бір тарап мемлекетінің азаматтары, жарамды мерзімі кемінде алты ай болуға тиіс жарамды жол жүру құжаттары бар азаматтар Қазақстан Республикасының аумағына кіруге, шығуға, транзитпен өтуге, уақытша болу үшін визалық талаптардан босатылады.
Екінші тарапқа кіру күнінен бастап 30 күнтізбелік күннен аспайтын мерзімге, 180 күнтізбелік күннің әрбір кезеңінде барлығы 90 күнтізбелік күнге рұқсат беріледі.
Егер екі елдің азаматтары екінші тарап мемлекетінің аумағында 30 күнтізбелік күннен артық жүргісі келсе, онда олар тиісті виза алуы керек. Мәтінде екі елдің азаматтары келген мемлекеттің заңдары мен ережелерін құрметтеуге тиіс екені жазылған.
Сонымен қатар келісім тараптарының әрқайсысы адамның елге кіруіне тыйым сала алады. Сондай-ақ оның ел аумағында болу мерзімін қысқартуға немесе тоқтатуға құқылы.
Дәл осындай ережелер Қазақстан аумағына кірген Тайланд азаматтарына да қатысты.
Таиландпен келісім белгісіз мерзімге жарамды.
2023 жылы Таиланд қазақстандықтар үшін бес айға, яғни 2023 жылдың 25 қыркүйегінен 2024 жылдың 29 ақпанына дейін визасыз режим енгізген еді. Кейінірек визасыз режим тағы алты айға ұзартылды. Ол 2024 жылдың 1 наурызынан 31 тамызына дейін еді. Таиланд билігі бұл шешімді туризмнің дамуымен түсіндірген. Сынақ мерзімі аяқталғаннан кейін Таиланд "визасыз" режимнің салдарын талдайтыны атап өтілген еді.
Визасыз режим туралы келісімге дейін қазақстандықтар Таиланд әуежайына келгеннен кейін 2200 тай батына (28 838 теңге) виза алуға өтініш берген.
Айта кетейік, бұған дейін Таиланд премьер-министрі Сеттха Тхависин Қазақстан, Өзбекстан және Грузия азаматтары үшін 60 күндік визасыз режимді енгізу туралы қаулыға қол қойғанын мәлімдеген еді. Үкімет сайтындағы хабарламаға сәйкес, шара 93 елдің азаматтарына қатысты және 15 шілдеде күшіне енген.