Қазақстан түрмелеріне 2023 жылдың соңына дейін толығымен бейнебақылау орнатылады

0
674

Роман Теленков биыл еліміздегі 78 мекеменің 62-сі үздіксіз бейнебақылаумен қамтылатынын айтты.


Қазақстан түрмелеріне 2023 жылдың соңына дейін толығымен бейнебақылау орнатылады

ERNUR.KZ. Қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінде үздіксіз бейнебақылау жүйесін енгізуді 2023 жылдың соңына дейін аяқтау жоспарланып отыр. Бұл туралы Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің баспасөз хатшысы Роман Теленков айтты, деп жазады zakon.kz.

Роман Теленков биыл еліміздегі 78 мекеменің 62-сі үздіксіз бейнебақылаумен қамтылатынын айтты.

"Бүгінде 28 мыңнан астам бейнекамера орнатылды. Бұл оларда "соқыр нүктелердің" болуын толығымен жояды. Қалған 16 мекемеде бейнебақылау жүйесін енгізу 2023 жылдың соңына дейін аяқталады деп жоспарланып отыр".Ішкі істер министрлігі Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің баспасөз хатшысы Роман Теленков

Оның айтуынша, ҚАЖ комитетінде де ахуалдық орталық құрылды. Онда барлық бөлімшенің бейнебақылау жүйелері таратылады. Бұл мекеменің қызметін бақылауға және тек облыстық деңгейде ғана емес, сонымен қатар комитет деңгейінде құқық бұзушылықтар туралы ақпаратты алуға мүмкіндік береді.

Сонымен қатар қадағалаушы прокурорлар үшін бейнесуреттерді қашықтан қарау мүмкіндігі қарастырылған. Спикер жағдай орталығына ұялы байланыс бөгегіштерінің қызметін бақылау жүйелері мен адамдар мен жүктерді скринингтейтін құрылғылар әкелетінін айтты.