Қазақстан түрмесіндегі әйелдердің тең жартысы күйеуін өлтіргені үшін сотталған

0
1 059

Олар мұндай қылмысқа отбасылық жанжал кезінде өзін-өзі қорғаймын деп абайсыздан барады екен.


Қазақстан түрмесіндегі әйелдердің тең жартысы күйеуін өлтіргені үшін  сотталған

иллюстрациялық фото

Еліміздің түрмелерінде жазасын өтеп жатқан әйелдердің тең жартысы күйеуін өлтіргені үшін сотталған. Олар мұндай қылмысқа отбасылық жанжал кезінде өзін-өзі қорғаймын деп абайсыздан барады екен, деп хабарлайды ERNUR.KZ Еуразия бірінші арнасына сілтеме жасап.

Тек елордалық полиция департаментіне көмек сұраған әйелдерден күніне 30-40 шақты қоңырау түседі екен. Жанжалдың дені кешқұрым, отағалары жұмыстан келгенде басталатын көрінеді.
Әйелдерін төмпештеп, отбасының шырқын бұзатын "үйдегі батырлардың" мекен-жайын полицейлер жақсы біледі. Жыл басынан бері осындай 13 мың адам арнайы есепке алынған. Көбі кешкі асымен қоса ащы суды ұрттамай жатпайтындар.
Тәртіп сақшылары ұрыс-керіс болып жатқан отбасына келгенімен, таяқ жегендердің бәрі бірдей күйеуінің үстінен арыз жазуға асықпайды . "Жұрт не дейді, ағайын туғаннан ұят болады" дегеннен ары аса алмайды. Көгала қойдай болатындардың арасында отбасы, ошақ қасында отырған әйелдер ғана емес, аты дардай мекемелерде білдей қызмет атқаратындар да бар екен.
"Менде бала бар, өткенде қатты таяқ жегенде, лишь бы пышақтап тастамасын деп тыныш отырдым, көгала ит болдым. Даже ол при сотрудниках шашымнан жұлды. Просто видите, мен оны распространять не могу, мен өзім военнообязанныймын, сіз сияқты қызметте жүргесін минус будет"
Әр он күн сайын тәртіп сақшылары отбысының шырқын ұдайы бұзатындарды үйлеріне барып тексеріп тұрады екен. Ел бойынша алты мыңға жуық ішсе батыр болып шыға келетіндерді қапасқа апарып тыққан. Олар он бес күн бойы жазасының өтеуі ретінде қоғамдық жұмысқа тартылады. Тасыған энергияларын тарататын жер бұл.
«Біз әйелдерге құқықтық, психологиялық көмек көрсетеміз. Біздің бөлімде көбіне нәзік жандар жұмыс істейді. Сондықтан жапа шеккен әйедер өз сырларын жарысмай бізге ашық айта алады" - дейді Қалалық ішкі істер департаментінің аға инспекторы ГҮЛМИРА ШЫРАҚМЕТОВА.
Ел түрмелерінде жазасын өтеп жатқан нәзік жандардың дені күйеулерін абайсызда өлтіргендер. Олар өзін-өзі қорғаймын деп қара күшке қарсы пышақ ала жүгіреді.
Әйелдердің мұндай қадамға амалдың жоғынан барғанын сотта дәлелдеу өте қиын дейді заңгерлер. Бұл үшін нормативтік актілерге өзгеріс енгізу керек. Сондай ақ , жұрт не дейді, ұят болады деген менталиттен де арылмаса болмайды. Әркімнің аузына жалтақтап жүріп, әйелдің өмірмен қош айтыспасына кім кепіл?